қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2025

«Тіл-таным» клубының №2 балалар үйіне жасаған қайырымдылық шарасы


2025 жылғы 20 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Тіл-таным» клубының мүшелері клуб жетекшілері Меруерт Алибаева мен Сауле Нұрғалидың ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №2 балалар үйіне қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

 

Іс-шара барысында балаларға арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды, қызықты ойындар ойнатылып, аниматорлар шақырылды. Студенттердің шынайы ықыласы мен белсенділігі балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Сонымен қатар клуб мүшелері өздерімен бірге түрлі ойыншықтар, жемістер, тәтті торттар, аяқ киімдер мен сыйлықтар апарып, бүлдіршіндерді шаттыққа бөледі.

 

Бұл шараның басты мақсаты - балаларға қамқорлық танытып, мейірімділік пен қуаныш сыйлау, олардың өміріне жылылық пен көңіл күй ұялату болды.

 

Іс-шара барысында №2 балалар үйінің директоры Жұлдыз Менлибекованың өз қызметін аса жауапкершілікпен атқаратыны, балаларға шынайы мейіріммен қарайтыны анық байқалды. Балалар үйінің ұжымы да мекемеде тазалықты, жайлылықты және шынайы үй атмосферасын қалыптастыра білген. Бұл - қамқорлық пен адамгершілікке негізделген үлгілі орта екенінің дәлелі.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  




Кері оралу