қазақша · русский · english
 
 
 
20.03.2018

Педагогикалық тәжірибе бойынша қорытынды конференция

 

2018 жылдың 16 наурыз күні Филология және көптілді білім беру институты 4 курс студент-практиканттарының ұйымдастыруымен педагогикалық тәжірибенің қорытынды клнференциясы өтті. Кешке іс-тәжірибеден өтіп жатқан Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының білікті ұстаздары Қалима Нұрлыбекова, Ұлжалғас Ағыбаева, Динаш Оспан, Гүлмира Тайгарина, Гүлбану Махамбетова, Жайна Жалмаханова, Динара Орынбаева және университетіміздің әдіскер мұғалімдері педагогика ғылымдарының докторы, доцент Райгүл Рахметова, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Гаухар Асқарова қатысты. Кеш барысында студент-практиканттар ән-жырдан шашу шашып, өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Университетіміздің әдіскер мұғалімдері мектеп ұжымына алғыс білдіріп, бірқатар кітаптарды тарту етті.

 

  

 

  

 

 




Кері оралу