Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | ![]()
24.04.2025
«Болашақ мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуына педагогикалық практиканың әсері» тренингі
2025 жылғы 23 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оны оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақ мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуына педагогикалық практиканың әсері» атты маңызды тренинг өтті.
Қазақ тілі теориясы және оны оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент Нағима Ильясова бүгінгі іс-шара - бәсекеге қабілетті маман даярлау жолында қолға алынып отырған бастама екенін, алдағы уақытта мұндай кездесулерді кафедра тарапынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратынын айтты.
Шараға С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей мұғалімдері - Нұржігіт Аманов, Жанар Кенжалиева, Алина Динабекова, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ 3 және 4 курс студенттері қатысты. Құнды іс-тәжірибелерге негізделген іс-шара барысында теория мен тәжірибе үйлесім тапқан мазмұнды баяндамалар тыңдалды.
Тренингтің модераторы - PhD доктор, аға оқытушы Қатира Балабекова шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына, студенттерге мотивация тудыруға үлкен үлес қосты. Бұл - оның ұстаздық жолдағы адалдығы мен шәкірт тәрбиесіндегі табандылығының айғағы.
Жалпы, іс-шара кәсіби дамуға үлкен серпін беріп, болашақ мамандықтарын бағалауға және мақсаттарын нақтылауға септігін тигізді. Студенттер тренингтен кейін кері байланыс беріп, шараның кәсіби тұрғыда өздеріне мол әсер еткенін, шабыт пен сенім сыйлағанын атап өтті. Осындай мазмұнды кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|