қазақша · русский · english
 
 
 
05.10.2018

Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік» мерекелік кеш

 

2018 жылдың 4 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бас ғимаратында ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік» мерекелік кеш болып өтті.

 

Бұл кешті педагогика ғылымдарының докторы, доцент Райгүл Рахметова бастаған қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында оқитын 202-топ студенттері ұйымдастырды.


Кешке Филология және көп тілді білім беру институтының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерсайын Молдасанов, академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қалбике Есенова, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Жанат Дәулетбекова, филология ғылымдарының докторы, доцент Нағима Ильясова, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Айтжамал Рауандина, аға оқытушы Қарлығаш Сейталиева мен Меруерт Иманқұлова қатысты.

 

Бұл шара студенттердің ерекше белсенділігімен өтті. Шарада топ студенттері Ұлдана Нұридин, Оралбай Мырзақұлов ұстаздарға өз қаламынан туындаған арнауларын арнады. Студенттер топ болып ұстаздарға арналған «Ұстазым» әнін ерекше ықыласпен орындады. Көңілді ойындар ойнатылды.


Кештің соңында ұстаздар сөз алып, студенттерге ерекше алғысын білдірді.

 

   

 




Кері оралу