қазақша · русский · english
 
 
 
19.11.2018

«Тоқсанға толды Ақ Ордам!» тақырыбындағы жыр мүшәйрасы

 

2018 жылдың 15 қарашасы күні институттағы жас ақындарға қолдау көрсету, қаламын ұштау, әрі табалдырығымызды енді аттаған жаңа буынды шығармашылыққа баулып ынталандыру мақсатында «Тоқсанға толды Ақ Ордам!» тақырыбында жыр мүшәйра өтті.

 

Жас ақындар мүшәйрасына 20 студент қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздар:

1-орын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Бағыт Нұрлыбек;

2-ші орын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Қайырбек Қонақбаев және 1 курс студенті Баян Дүйсенқожа;

3-ші орын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Мөлдір Төлегенова, 3 курс студенті Әсел Сәрсемәлиева және «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Назым Сәмет.

 

   




Кері оралу