қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2018

«Қарттарым-асыл қазынам» концерттік бағдарламасы


2018 жылдың 20 қарашасында «5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында білім алып жатқан 1 курстың 103-104 топ студенттері, эдвайзерлері Меруерт Алибаева және Сәуле Нұрғалидың бірлесе ұйымдастыруымен Алматы қаласы, Бағанашыл ықшам ауданы, Алмалы 17 көшесінде орналасқан «Забота» қарттар үйіне барып, «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында концерттік бағдарлама жүргізіп, өздерінің өнерлерін ортаға салып, қарттарға барынша көңіл-күй сыйлап, ортаға дастарқан жайып, мәдени іс- шара өткізді.


Бұл шараның мақсаты -аға буынға құрмет көрсету, олардың өнегелі жолын жасұрпаққа насихаттау, оларды инабаттылыққа, адамгершілікке, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.


Іс-шара барысында Азиза Ибраимова, Назерке Калкоз өз арнауларын шабыттана оқыса, Бекзат Сарайұлы қазақтың киелі домбырасымен ән орындады. Ажар Қалыкеева халық күйлерін жүрекке жеткізе тартты. Назерке Калкоз, Бекзат Сарайұлы белгілі ақындардың жауһар жырларын ерекше шабытпен оқып берді. Студенттердің орындауындағы әндер қарияларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.


Ақылдың кенін арқалаған дана қарияларымыздың, ақжаулықты аналарымыздың жастары ұлғайсада, жүректерімен жүздеріне әжім түспесін деп тілейміз! Біз, яғни, бүгінгі ұрпақ, сіздердің алдарыңызда әрқашанда бас иіп, тағзым етеміз!

 

   

 

  




Кері оралу