қазақша · русский · english
 
 
 
19.12.2018

Университетте «FilART» өнер клубы ашылды

 

12 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Филология және көптілді білім беру институтының академик С.Қирабаев атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы жанынан құрылған студенттердің «FilART» өнер клубының тұсаукесері болып өтті.


«FilART» өнер клубының тұсауын Филология және көптілді білім беру институтының директоры, ф.ғ.д, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы және кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д, профессор Қалбике Есенова кесті. Ұстаздарымыз студент-жастардың өнерлеріне сүйсініп, өздерінің игі тілектерін жолдады.


Клубтың мақсаты: студент жастардың өнерге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, рухани тәрбие беру, эстетикалық, танымдық көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету. Әртүрлі өнер саласы (сөз өнері, музыка, би, кино, театр, сурет, сәулет, кескіндеме, қолөнер т.б.) бойынша жастарға қолдау көрсету, шығармашылық тұлғаның дамуына үлес қосу.

«FilART» өнер клубының жетекшілері - ф.ғ.к., доцент Салтанат Айбергенова , ф.ғ.к., аға оқытушы Гауһар Асқарова.

 

Кеш соңында Салтанат Айбергенова клубтың мақсаттары мен міндеттері туралы, оның құрылуымен байланысты қызықты оқиғаларымен, болашаққа жоспарларымен бөлісіп, студенттерге сәттілік пен жұмысқа табыстар тіледі.

 

Студенттік «FilART» шығармашылық клубының жұмысы («мәңгі өмір сүру / мәңгілік өмір» деген сөз) гүлдене берсін!

 

   

 

   




Кері оралу