қазақша · русский · english
 
 
 
21.01.2019

«Денсаулық - 2019» спартакиадасы

 

2019 жылдың 10-12 қаңтары аралығында университетішілік «Денсаулық - 2019» спартакиадасы өткізіліп, оған 8 команда қатысты. Аталған додаға Филология және көптілді білім беру институтыныңпрофессор-оқытушыларынан құралған «Жасын» командасы да барлық ойын түрлері бойынша қатысып, жалпыкомандалық есеп бойынша 3 орынды иеленді.


Институттың «Жасын» командасының каптитаны ретінде академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Қасенов Ерлан Сламбекұлы тағайындалды.


«Волейбол» ойыны бойынша институттың Ерсайын Молдасанов, Ерлан Қасенов, Айболат Набиуллин, Алмас Найманбаев, Тоқтар Керімбек, Мадина Мамырбаева, Жаңагүл Саметова сынды ұстаздарынан құралған «Жасын» командасы жүлделі 2 орынды;  Институттың Айболат Набиуллин, Алмас Найманбаев, Алина Алдабергенова, Жаңагүл Саметова сынды қызметкерлерінен құралған командасы «Конкимен жүгіру» жарысы бойынша жүлделі 2 орынды, Институттың Ерлан Қасенов, Мадина Мамырбаева, Алина Алдабергенова, Еркінбек Турганов сынды ұстаздарынан құралған командасы «Шаңғымен жүгіру» жарысы бойынша 1 орынды иеленді.


Институттың «Жасын» командасы спартакиада барысында көпшілік ризашылығына бөленді.


Қазылар алқасы барлық спорт түрлері бойынша қатысушыларға мақтау қағазы мен сый-сияпаттарын табыстады. Біздің институт ұстаздарының жеңісті күндері көп, көркемдік келісімі нұрлы боларына сенеміз.

 

   

 

   




Кері оралу