қазақша · русский · english
 
 
 
04.02.2019

«Ұлы ұстаз әл-Фараби және рухани құндылықтар бесігі» дөңгелек үстел


31 қаңтарда Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінде өткен іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері қатысты.


Филология және көптілді білім беру институты академик С.С.Қирабаев атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ф.ғ.к., аға оқытушы Гаухар Асқарова «5В02050 - Филология» мамандығының бірінші курс студенттері Алмахан Аксанкара, Бағыт Нұрлыбек, Жандос Арқабаевты «дөңгелек үстел» мәжілісіне қатысуға дайындады.


«Дөңгелек үстел» мәжілісіне Алматы қаласының 9 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Студенттер «Әл-Фараби шығармаларындағы адами болмыс»,«Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы», «Бүгінгі ұстаз келбеті.... (Елбасы жолдауындағы «Ұстаз мәртебесі»)» тақырыбын қызу талқылап,өз ойларын, пікірлерін еркін білдірді. Нәтижесінде Филология және көптілді білім беру институты студенттерінің ой-пікірлері, тұжырымдары, көзқарастары басымдылыққа ие болып, жеңімпаз атанды. Келесі Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері арасында өткізілетін «дөңгелек үстелді» Филология және көптілді білім беру институтында өткізу мәртебесіне ие болып, Кубоққа қол жеткізді.

 

   

 

   




Кері оралу