қазақша · русский · english
 
 
 
19.10.2018

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары марапатталды

 

2018 жылдың 18 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Физика, математика және информатика институтының ғимаратында Университеттің 90 жылдығы аясында салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті.

 

Іс-шарада академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының п.ғ.д., доценті Райгүл Рахметова «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ал, п.ғ.к. Айтжамал Рауандина, ф.ғ.д. Алуа Таңжарықова Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған мерейтойды өткізуге және ұйымдастырушылық жұмыстарды атқаруға белсене атсалысқаны үшін Алғыс хат берілді.

 

   

 




Кері оралу