қазақша · русский · english
 
 
 
26.02.2019

Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына орай


25 ақпанда Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын, ғалым Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған әдеби-танымдық кеш өткізілді.

 

Әдеби-танымдық кеште Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби шығармашылық өнер бірлестігінің жетекшісі-кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов «Әбділда Тәжібаев - Ұлы Даланың көрнекті шығармашылық тұлғасы» тақырыбында баяндама жасады.

 

Студенттер Әбділда Тәжібаев поэзиясының көркем-мәнерлеп оқу қойылымы бойынша жырлар оқыды. Ақын өлеңдеріне шығарылған әндері орындалды. «Әбділда - қазақ әдебиетінің саңлақ ақыны» деректі бейнекөрілім көрсетілді.


Әдеби кеште Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыскер ақындар орталығының директоры Бауыржан Айткаримов көрнекті ақындар дәстүрін жалғастырған қазіргі жастар шығармашылығы туралы сөз сөйледі.

 

   




Кері оралу