қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2019

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша ХIX республикалық олимпиада

 

2019 жылдың 4 сәуірінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша республикалық форум өтті. Филология және көптілді білім беру инситутының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы форумды ашып, алғы сөзді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Нұрша Оразақыноваға берді.


Балдаурен-Қапшағай республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы ХIX республикалық ауызша командалық олимпиадада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылары ф.ғ.д.,проф. Қалбике Есенова, п.ғ.д., профессор Жаңалық Балтабаева, ф.ғ.д.,проф. Темірхан Тебегенов олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, олимпиада қатысушыларына ақ жол тілеп, құттықтау сөздерін айтты. Олимпиададан кейін ф.ғ.д., проф. Қалбике Есенованы, п.ғ.д., профессор Жаңалық Балтабаеваны, ф.ғ.д., проф. Темірхан Тебегеновті, қазылар алқасының мүшелері п.ғ.к., аға оқытушы Гүлдариға Кенжебаеваны, п.ғ.к., доцент Сауле Нұрғалиды, п.ғ.к., аға оқытушы Меруерт Алибаеваны, магистр, аға оқытушы Гүлназ Нүптекееваны сертификат және алғыс хаттармен марапаттады.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу