қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2019

ҚазҰПУ студенттері «Қазақ тілінен» дәстүрлі қалалық пәндік олимпиадада

Гран-При жүлдесін жеңіп алды

 

2019 жылдың 18 сәуірінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы жоғары оқу орындарының өзгетілді студенттері арасында «Менің Отанымның мемлекеттік тілі» атты «Қазақ тілінен» дәстүрлі қалалық пәндік олимпиада өтті. 5 кезеңнен тұрған олимпиадаға жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысты.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филоллогия және көптілді білім беру институтынан «Абай» командасы қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, бас жүлдені жеңіп алды. Команданың жетекшісі Гүлжиһан Шаһарман.

 

Команда үздік нәтижесі үшін Гран-При дипломымен, сыйлықпен марапатталды.Команда мүшелері: Курванжан Керимов (екі шет тілі), Мария Лаврова (бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі), Мафтуна Орынбаева (шетел филологиясы) терең білім, ұтқыр ойларымен дараланғандары үшін жеке Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Команда жетекшісі Гүлжиһан Шаһарман Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті атынан «Менің Отанымның мемлекеттік тілі» атты «Қазақ тілінен» дәстүрлі қалалық пәндік олимпиадаға шәкірттерін жоғары деңгейде дайындап, белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

 

   

 

   

 

  

 


Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы




Кері оралу