қазақша · русский · english
 
 
 
24.04.2019

Қазақ филологиясы бойынша XI Республикалық пәндік олимпиадада Абай атындағы ҚазҰПУ командасы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды

 

2019 жылдың 18-19 сәуірінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «5В020500-Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша студенттердің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология және көптілді білім беру институтынан «5В020500 - Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша 3 курс студенті Ақнұр Аманова, 4 курс студенттері Балкия Изтаева, Гүлжан Құрманбаева қатысты. Команда жетекшісі аға оқытушы Гауһар Асқарова.


Олимпиадаға республика бойынша жоғары оқу орындарынан 15 команда қатысты. Олимпиада 3 тур бойынша өтті:

І турда бойынша «Мамандықты таныстыруға» 5 минут уақыт берілді. Мұнда филология мамандығы туралы ақпарат толық болуы; берілген ақпараттың жүйелі болуы; студенттің сөйлеу әдебі мен мәнері жоғары деңгейде болуы ескерілді.
ІІ тур - Ұсынылған материалдарға ауызша кешенді тілдік (фонетикалық, лексикалық, сөзжасам, морфологиялық, синтаксистік) және әдеби-теориялық талдау (тақырыптық-идеялық, көркемдік ерекшеліктеріне) жасау;
ІІІ тур - «Ұлы дала филологиясы» тақырыбы аясында ғылыми жоба әзірлеу және қорғау.


Олимпиада қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика институты, филология және көптілді білім беру институтының филология мамандығының «Абай жастары» командасы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


Студенттер командасын ХІ Республикалық пәндік қатыстырып, ұйымшылыдқ танытқаны үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Гауһар Асқарова алғыс хатпен марапатталды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу