қазақша · русский · english
 
 
 
30.04.2019

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ХІ Республикалық пәндік олимпиада

 

2019 жылдың 25-26 сәуірінде Филология және көптілді білім беру институтының студенттері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі жыл сайын өткізілетін «5B011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.


Өздерін кәсіби тұрғыдан таныстырып, болашақ мамандық иесі ретіндегі жан-жақты құзыреттілігін, кәсіби бағыттылығын көрсете білген «5B011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3- курс студенттері Айдана Амангелді, Айдана Кенжебек, Әсел Тоқаш олимпиада нәтижесі бойынша командалық ІІІ-ші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, Айдана Кенжебек терең теориялық білімі үшін жеке марапатталып, ІІІ-ші орынға ие болды.


Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевқа аталған олимпиадаға студенттердің белсене араласқанына орай Алғыс хат жолдады.

 

   

 

  




Кері оралу