қазақша · русский · english
 
 
 
04.10.2019

Ұстаздарды ұлықтаган күн

 

2019 жылдың 2 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да дәстүрлі Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаздық еткен жалқпас ...» тақырыбында салтанатты іс-шара өткен болатын.

 

Аталған кеште университет ректоры Такир Балықбаев институт директорларын, кафедра меңгерушілерін және университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарында белсенділік танытып, жетістікке жеткен ұстаздар қауымын Алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапаттаған болатын. Ерекеше марапатталғандардың қатарында біздің Филология және көптілді білім беру институты мен Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздары да бар. Оның ішінде кафедрамыздың Құрметті профессоры, филология ғылымдарының докторы Фаузия Оразбаева, доцент Ерсайын Молдасанов көп жылғы сіңірген адал еңбектері үшін ректорымыздың арнайы марапатына ие болса, биылғы жылғы талапкерлерді Университетке қабылдау бойынша жылдағы көрсеткіш нормасын асыра орындап, рейтинг бойынша ең үздік үштікке енгені үшін Институт директоры Балтабай Әбдіғазиұлы - «Ең Үздік Институт директоры», Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қалбике Есенова - «Ең Үздік кафедра меңгерушісі», Қабылдау комиссиясының Филология және көптілді білім беру институты бойынша аға хатшысы Гүлсамал Дюсембина - «Ең үздік аға техникалық хатшы» номинациялары бойынша ақшалай сыйлық және Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

   

 

   

 

   




Кері оралу