қазақша · русский · english
 
 
 
15.10.2019

Белгілі түрік ғалымы Ахмет Буранмен кездесу

 

Филология және көптілді білім беру институтының академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде бакалавр, магистратура және докторантура бөлімдеріне арнайы дәріс оқуға шақырылған Фырат университетінің профессоры Ахмет Буранмен «Ұстаздық әлемді шарлайық!» тақырыбында танымдық кездесу кеші ұйымдастырылды.

 

Танымдық кеште ұстаздарға арналған көркемсөз оқылып, әндер шырқалды. Кештің көңіл толқытқан тұсы - Еркебұлан Аханның домбыраны күмбірлеткен жаңа әндері мен Бану Ерәділованың қоңыр қобызбен орындаған жыры болды. Кеште Диана Әрен түркі халықтарының ұлттық билерін жоғары деңгейде орындап, көрермендер ықыласына бөленді. «5B011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттердің «Ұстаздық өмір жолы» қойылымы танымдық кешке қатысушылардың көңілінен орын алды.

 

Түркітану ғылымында танымал ғалым - профессор Ахмет Буран өз сөзінде бакалавриат, магистартура, докторантура білім алушыларының білім деңгейінің жоғары екендігін атап көрсетті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры мен университет ұжымына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Кафедра профессоры Жаңалық Балтабаева, 2-курс студенті Дулат Сұлтанбек құттықтау сөз сөйлеп, қазақтың дәстүрлі әдетімен профессор Ахмет Буранға ұлттық шапанды сыйға тартты.

 

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиетіның кафедра меңгерушісі Қалбике Есенова, кафедраның профессор-оқытушылары Жаңалық Балтабаева, Балқия Қасым, Гүлбану Қосымова, Қарлығаш Сейталиева, Жарқынай Қоқановалар қатысып, «Сөзтаным» үйірмесінің студенттері мен кешті ұйымдастырушы эдвайзерлер Гүлдариға Кенжебаева мен Роза Бақбергеноваға өз пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді.

 

  

 

   

 

  




Кері оралу