қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2019

«Рәбиға Сыздық феномені: қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

   

 

2019 жылдың 22 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі тілші-ғалым, түркітанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Түркия «Dil Kоrumu» лингвистикалық қоғамының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың, «Құрмет белгісі», «Парасат», I дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, есімі Қазақ ССР-інің «Құрметті Алтын кітабына» жазылған қазақ тілтанымының кемеңгері,филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың туғанына 95 жыл толуына орай «Рәбиға Сыздық феномені: қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Конференция аясындағы апталықта кафедраның профессор оқытушылары шеберлік сыныптарын ұйымдастырып, студенттер мен магистранттар арасында «Академик Рәбиға Сыздық оқулары» өткізілді.

 

Іс-шара барысында Рәбиға Сыздық атындағы атаулы кабинет ашылды. Кабинеттің ашылуы мен конференция жұмысына университет ректоры Такир Балықбаев арнайы қатысып, ғалым-ұстазды арнайы құттықтады.

 

Конференцияда танымал ұстаз, көрнекті тіл маманы Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың қазақ тілтаным ғылымы мен түркітану іліміне қосқан үлесі, ғылыми педагогикалық мұрасы, сондай-ақ бүгінгі қазақ тілтаным ғылымының өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылды.

 

Конференция жұмысына білім мен ғылым, қоғам және мемлекет, өнер және мәдениеттің қайраткерлері қатысып, қазіргі ғылымда өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу