қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2019

Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған апталық

 

2019 жылдың 2-6 желтоқсан аралығында Филология және көптілді білім беру инcтитутында академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы және ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған апталық ұйымдастырылды.

 

Апталықта аға оқытушы Алпысбай Тамаев «Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдарындағы ұлт-азаттық идея», аға оқытушы Айзат Ибраева «Ә.Кекілбаевтың шығармашылық зертханасы», аға оқытушы Гүлназ Тоқшылықова «Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесінің проблематикасы», доцент Серік Асылбекұлы «Ә.Кекілбаев поэзиясының поэтикасы» тақырыптарында шеберлік сыныптар өткізді.

 

Апталықтың соңғы күні «Ә.Кекілбаев - ойшыл-суреткер, жазушы, публицист, қайраткер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде академик Бақтияр Сманов, профессор Жаңалық Балтабаева, доцент Серік Асылбекұлы және Бидана Қабатай, аға оқытушы Алпысбай Тамаев жазушының шығармашылығы жайында өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелге докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.

 

   

 

   

 




Кері оралу