қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2019

Ғибратқа толы ғұмыр

 

2019 жылдың 11 желтоқсанында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылында филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Сақаұлы Тебегеновтің 70 жасқа толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, ғалым-ұстаздың онжылдық білім алған №28 орта мектепте профессор Темірхан Тебегенов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің ресми ашылу салтанаты болды. Одан кейін Мәдениет үйінде «Ғибратқа толы ғұмыр: қажырлы ғалым, көрнекті қоғам қайраткері» ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар, облыс, аудан, ауыл басшылары, еңбек ардагерлері, мектеп оқушылары қатысты. Конференцияда ғалым-ұстаз Т.С.Тебегеновтің 12 томдық шығармалар жинағы таныстырылып, мектеп кітапханасына тапсырылды.

 

   

 

   




Кері оралу