Математика және математикалық моделдеу кафедрасы | ![]()
09.04.2025
Ғылым апталығы аясындағы шетелдік ғалымдардың дәрістері 2025 жылғы 1-4 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ғылым апталығы аясында шетелдік ғалымдардың қатысуымен дәрістер өтті. Іс-шараға физика-математика ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік көлік университеті мен Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің профессоры Артыкбаев Абдуллазиз, Әбу Райхан Бируни атындағы Ургенч мемлекеттік университетінің PhD, доценті Султанов Бекзод, сондай-ақ Ташкент мемлекеттік көлік университетінің PhD, доценті Исмаилов Шерзодбек қатысты.
Дәрістер математика бағытындағы бітіруші курс студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға және жас ғалымдарға арналған. Спикерлер өз баяндамаларында келесі өзекті ғылыми мәселелерді қарастырды: · изотроптық кеңістіктегі қос беттер, · жартылай эвклидтік кеңістіктердегі геометрия, · Галилейдің үшөлшемді кеңістігіндегі минималды және сызықтық беттер.
Қатысушылар геометрия және математикалық модельдеу салаларындағы заманауи зерттеу бағыттарымен танысып, шетелдік ғалымдарға сұрақтар қоюға және ғылыми ынтымақтастықтың болашағын талқылауға мүмкіндік алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|