қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2020

Онлайн форматындағы физика кафедрасының отырысы

 

2020 жылдың 25 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты физика кафедрасының отырысы өтті. Оны кафедра меңгерушісі, В.Н. Косов Zoom онлайн-платформасы негізінде өткізді.

 

Кафедра отырысында онлайн-сабақтардың педагогикалық дизайны мен қашықтан оқыту жағдайында оқытушылар қолданатын білім беру платформаларының мәселелері талқыланды. Оқытушылар видеодәрістер мен вебинарларды әзірлеу, сондай-ақ Zoom, Skype, Univer, LMS MOODLE, Google classroom, Webex, Microsoft Teams сияқты платформалардың сервистері арқылы білім алушылармен кері байланыс жасау арқылы пікір алмасты. Бұл сервистердің мүмкіндіктері мен тиімділігі мен оқытушылардың тәжірибесі айтылды.

 

Онлайн-кездесуде келесі сұрақтар қарастырылды: күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша емтихан билеттерін бекіту; тестілік емтихан сұрақтарын құрастыру; дипломдық және магистрлік жұмыстарды онлайн форматта алдын ала қорғау; мемлекеттік емтиханға дайындық және басқа да сұрақтар. Сонымен қатар кафедра ұжымы университеттің Ғылыми кеңесінің (24.04.2020) онлайн режімінде өткен шешімдерімен танысты.

 

Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар бір-біріне денсаулық, рух сергектігі, бір-бірімен онлайн-форматта ғана емес, сонымен қатар университет аудиторияларында да жаңа кездесулерге сенім білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу