қазақша · русский · english
 
 
 

 

Физика кафедрасы әлемнің жетекші университеттері және ғылым мен білімнің әртүрлі халықаралық ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста. Жыл сайын кафедраның оқытушыларына, магистранттарына, докторанттарына шетелдік танымал ғалымдар және дәріс береді, сондай-ақ ғылыми кеңесшілік атқарады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің магистранттар мен докторанттар Отто фон Герикке Университеті (Германия), Моңғолия Университетінің Ұлттық Ядролық Орталығы (Монғолия), Индиана Университеті (Америка), Янки Купалы атындағы Гродно Мемлекеттік Университеті (Беларусь), Стамбул Университеті (Туркия) және басқа елдерде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

 

Физика кафедрасының оқытушылары бүгінгі таңда танымал Erasmus+ бағдарламасы бойынша профессор-оқытушылары тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша маман алмасу, ғылыми тағылымдамалар жүргізу, бірлескен ғылыми жобаларды орындау, бірлескен симпозиум, семинар-конференциялар өткізіп, ұдайы байланыстар жүзеге асырылуда.