қазақша · русский · english
 
 
 
13.05.2020

Болашақ мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламаларында бірлескен модульдерді құру


2020 жылы 11 мамырда Математика, физика және информатика институты физика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қолданбалы зерттеулер және физиканы оқыту технологиясы» зертханасы базасында «Болашақ мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламаларында бірлескен модульдерді құру» тақырыбында халықаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры М. А. Бектемесов, физика кафедрасының меңгерушісі В.Н. Косов, институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.И. Хамраев, Dr. PhD М. Кенжегалиева (Лейпциг университеті, Германия), профессор Желвис Римантас (Вильнюс университеті, Литва), профессор Ю. М. Гришаева (Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті, Ресей), профессор О. А. Яновская (НААР, Қазақстан),Г. А. Спанова (Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан), PhD Д. М. Насирова, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚарМУ (Қарағанды), ЖМУ (Талдықорған қ.), БҚМУ (Орал қ.), АРГУ (Ақтөбе қ.) оқытушылары қатысты.


Вебинарды Мақтағали Бектемесов ашып, көтерілген тақырыптың маңыздылығын атап өтті.Кафедра меңгерушісі Владимир Косов іс-шара қатысушыларына жемісті жұмыс, шығармашылық табыстар тіледі. Халықаралық жұмыс тобы отырысының негізгі мақсаты университеттер отырысында ұсынылған ғылыми-зерттеу ұжымдарында орындалып жатқан зерттеулерге кәсіби баға беру мен пікір алмасудан тұратындығын айтты.


Вебинар барысында жасалған баяндамаларда мектептегі физиканы оқыту дәстүрлі түрде практикалық оқытумен, инновациялық әдістемелерді енгізумен байланысты екендігі атап өтілді. Педагог, әсіресе педагогикалық жоғары оқу орындарының түлегі білім, дағды, құзыреттілік пен тәсілдер жинағына ие болуы өте маңызды. Осыған байланысты серіктес университеттердің білім беру бағдарламаларын біріздендіру қажет. Кеңесте болашақ физика мұғалімдеріне арналған білім беру модульдерін Лейпциг университетімен бірігіп құру бойынша бірлескен жұмыс таныстырылды.

 

Пікірталасқа ғылым докторлары, профессорлар Бектемисов М. А., Желвис Р., Гришаева Ю. М., Кенжегалиева М. Д., Шкутина Л. А., доктор Phd Ташев Б. қатысты. Кездесуге қатысушылар алғыстарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу