қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2020

Физика кафедрасының 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстарын онлайн режимінде алдын ала қорғау

 

2020 жылдың 18 мамырында Математика, физика және информатика институты физика кафедрасының «5В011000-Физика» мамандығының 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстары алдын ала қорғалды. Конференция Meet платформасында өтті.


Іс-шараға 4 курс студенттері, Математика, физика және информатика институтының директоры М.Ж. Бекпатшаев, кафедра меңгерушісі В.Н. Косов, жетекшілер: профессор М.К.Кулбек, аға оқытушылар С.М. Тезекеев, В.Б. Рыстыгулова, PhD Насирова Д. М.

 

Қорғау барысында студенттер өздерінің баяндамаларын ұсынып, жетістіктері мен мәселелері туралы айтты, атқарылған жұмыстар туралы өз ойларымен бөлісті.


Профессор-оқытушылар студенттердің жұмыстарына баға беріп, бірқатар қызықты сұрақтар қойды.


Айта кету керек, түлектер жақсы дайындалған және олардың пікірлерінше, дипломдық жұмыстарды жазу барысында басшылар тарапынан қолдау аса маңызды болған.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу