қазақша · русский · english
 
 
 
11.06.2020

1-ші курс докторанттарын аттестаттау


2020 жылы 9 маусымда Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының физика кафедрасы вебинар өткізді. Вебинарда 1-ші курс докторанттарының диссертациялық зерттеу тақырыптары бойынша 2019/2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есептер тыңдалды.

 

Іс-шараға физика кафедрасының меңгерушісі Косов В. Н., кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, сонымен қатар 1, 2, 3 курс докторанттары қатысты.

 

Докторанттардың диссертациялық жұмыстары аясында жүргізілетін ғылыми жұмыстардың нәтижелері мен перспективалары талқыланды. Орындалған жұмыс туралы есеп беру нәтижелері бойынша кафедра докторанттарды келесі курсқа ауыстыру үшін аттестаттауға шешім қабылдады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу