қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2020

Профессор А. И. Купчишиннің мерейтойы

 

2020 жылдың 10 қарашасында Математика, физика және информатика институтында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Жоғары Мектеп Ғылым академиясының (ЖМ ХҒА), Қазақстан Жоғары Мектебі Ұлттық Ғылым академиясының (ҚЖМ ҰҒА), халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының (МАИН), Қазақстан және Ресей Жазушылар Одақтарының мүшесі, Еуразиялық Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Анатолий Иванович Купчишиннің туғанына 75 жыл толуына арналған институт Кеңесінің online кеңейтілген отырысы өтті.

 

Отырысқа Қазақстан мен Ресейдің белгілі ғалымдары қатысты, олар профессор А.И. Купчишиннің әріптестері және жақсы достары болып табылады. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректоры Сахиев С. К. университет басшылығының құттықтау хатын оқып берді. ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ф.-м. ғ. д., профессор Т. А. Қожамқұловтың; физика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі В. Н. Косовтың; ф.-м. ғ. д., профессор, К. Б. Тлебаевтың баяндамаларында.; Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері ф.-м. ғ. д., профессор В. М. Лисицина; ф.-м. ғ. д., профессор К. С. Бақтыбекова; п. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі А. Е. Әбілқасымова; ИМФИ директоры, профессор М. Ж. Бекпатшаева сөз сөйледі.

 

Анатолий Купчишиннің әлемге әйгілі ғалым екендігі және оның барлық қызметі елдегі ғылым мен білімнің дамуына жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісін көрсетеді. Мерейтой иесінің оқушылары - п. ғ.к., профессор Абдухаирова А. Т. және докторанты Ниязов М. Н. алғыс сөз сөйлеп, ғалымның жас мамандарды даярлау ісіне қосқан үлесін атап өтті.

 

Іс-шараға қатысқан қызметкерлер мен құрметті қонақтар сөз сөйлегендердің жылы құттықтауларына қосылды.

 

 




Кері оралу