қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2021

Отто фон Герике университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

 

2021 жылдың 12 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.А. Бурибаевтың Отто фон Герике (ГФР) университеті механика институтының директоры Х. Альтенбахпен (Altenbach Holm) кездесуі өтті.

 

Профессор Хольм Альтенбах - материалдар мен конструкциялар механикасы, конденсацияланған күй физикасы саласындағы танымал ғалым, «ZAMM - Journal of Applied Mathematics and Mechanics / Zeitschrift für Angewandte Mathematik und Mechanik» ғылыми журналының бас редакторы, Еуропалық механика қауымдастығының мүшесі, Ресей Ғылым академиясы мен Украина Ұлттық Ғылым академиясының шетелдік мүшесі.

 

2021 жылғы 8 қарашадан 3 желтоқсанға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-да офлайн режимде дәрістер курсын оқиды.

 

Кездесу барысында бірлескен ғылыми зерттеулер, ғылыми кадрлар даярлау және университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сондай-ақ кездесуде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты «Физика» кафедрасының меңгерушісі В.Н. Косов қатысты.

 

   




Кері оралу