қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2022

77-ші дәстүрлі студенттер мен магистранттар конференциясы


2022 жылдың 17 қарашасында Математика, физика және информатика институтының физика кафедрасы студенттер мен магистранттардың 77-ші жыл сайынғы дәстүрлі конференциясын өткізді. Оған кафедраның «6В05302-Физика» мамандығының 4-ші курс студенттері және «6М05302-Физика» мамандығының 1-2 курс магистранттары белсенді қатысты.


Конференцияның басты мақсаты - білім алушылардың ғылыми пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеулер саласындағы білімді байыту, ғылыми ойлауын және өздерінің ғылыми хабарламаларын көпшілікке жеткізу дағдыларын дамыту.


Профессор-оқытушылар құрамынан құралған комиссия мүшелері баяндамашылардың еңбектері мен олардың ғылымға деген қызығушылығын жоғары бағалады.


Конференция жоспарланған мақсаттарға толығымен қол жеткізгені атап өтілді. Студенттер мен магистранттар теориялық, эксперименттік және практикалық дайындықтан өтті. Физика кафедрасының атқарған жұмысы жас мамандардың ғылым жолындағы шеберлігін арттыруға және мамандардың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді деп үміттенеміз!

 




Кері оралу