қазақша · русский · english
 
 
 
06.03.2025

«Түзетілетін беттермен шектелген тіректен тұратын дірілден қорғау қондырғысын стохастикалық модельдеу» ғылыми-семинары


2025 жылдың 3 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті физика кафедрасы ғалым, көрнекті ұстаз техника ғылымдарының докторы, физика профессоры, жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы, Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтында «Дірілден қорғау жүйесінің сызықты емес механика» зертханасының меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер Қуатбай Бисембаевтың 70-жылдық мерейлі жасына арналған кеңейтілген мәжіліс, соңынан ғылыми семинар өткізді.

 

Семинар барысында профессор Қуатбай Бисембаевтың «Түзетілетін беттермен шектелген тіректен тұратын дірілден қорғау қондырғысын стохастикалық модельдеу» тақырыбына ғылыми баяндама жасалып, қатысушылар арасында қызу пікірталас орнады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ профессор Қуатбай Бисембаевқа еліміздің жоғары білімі мен ғылымына сіңірген зор еңбегін ескере отырып, Басқарма төрағасы-ректордың атынан алғыс хат табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу