қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2025

Физикалық олимпиада - 2025


2025 жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да «6В05302 - Физика», «6В01504 - Физика» «6В01502 - математика-физика» білім беру бағдарламалары бойынша оқып жүрген студенттер арасында олимпиада өтті. Іс-шараны Математика, физика және информатика факультетінің физика кафедрасы ұйымдастырды.


Қатысушылар үшін оқу курстарына байланысты әр түрлі қиындықтары бар тапсырмалар ұсынылды, бұл студенттерге үлкен жауапкершілік тұрғыда қалыптасуға және шығармашылық ойлауға көмектеседі.


Олимпиаданың нәтижелері бойынша:

І-орын: Орынбасар Мурат (ФОК-233); ІІ-орын: Асқар Аяулым (ФЕК-231), ІІІ-орын: Аубакир Назерке (ФЕК-231)

Алғыс хатпен: Токторбаев Асхат (ФОК-233), Аман Нариман (ФЕК-231), Бақтиярқызы Жайна (ФЕК 232), Айтжанова Жанбота (ФЕК 231), Амангельдиева Аяжан (ФЕК-231), Жұмахан Мерей (ФЕК-234), Мырзатай Айдана (ФЕК-236), Асқар Иманғали (МФК-231) марапатталды.


Іс-шараны ұйымдастырушылар олимпиаданың қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтайды, оқуда одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=  




Кері оралу