Физика кафедрасы | ![]()
14.04.2025
«Астрофизиканың келешегі мен мәселелері» атты ғылыми семинар
2025 жылдың 8 сәуірінде математика, физика және информатика факультетінің «Физика» кафедрасы «Астрофизиканың келешегі мен мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. «Физика» кафедрасының қолдауымен ұйымдастырылған семинар Абайдың 180 жылдығына арналған ғылыми апталық аясында өтті.
Семинарға физика кафедрасының профессорлары, докторанттары, магистранттары және Фесенков атындағы физика институтының жас ғалымдары: Илдана Измайлова, Адель Умербаева, Руслан Спасюк қатысты. Фесенков атындағы физика институтының жас ғалымдары және PhD докторы, физика кафедрасының постдокторанты Дания Утепова баяндама жасады.
Талқыланған баяндамалар астрофизикадағы заманауи тенденциялардың кең ауқымын қамтыды - В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтының тарихи аспектілері мен қазіргі ғылыми жобалардан бастап және кометалардың жылу өткізгіштігін және орбиталық спутниктердің қозғалысындағы жалпы релятивистік әсерлерді зерттеуге дейін қамтыды. Семинар астрофизика саласындағы мамандар арасында білім мен тәжірибе алмасуға, ғылыми байланысты нығайтуға және Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын талқылауға ықпал етті. Қатысушылар астрофизика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ғылыми жетістіктерді ілгерілету үшін мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|