қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2025

«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы


2025 жылғы 21 сәуірде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарға арналған «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы конференцияда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика факультеті «6В01506 - Физика-информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 3 курс студенттері «Information learning and STEM (ақпараттық технологиялар, физика, математика)» секциясы бойынша баяндама жасап, үздік дайындығы мен зерттеу жұмыстарының өзектілігін көрсете отырып 67 баяндаманың ішінен үшінші орынды иеленді.

 

Бұл жетістік - Абай университетінің, факультеттің білім беру сапасының жоғары екенін және студенттердің ғылыми әлеуетінің артып келе жатқанын дәлелдейді.

 

ФИК-221 тобының студенттері - Нұрсұлтан Қойшанов, Мирас Қасымхан, Мөлдір Абдырахимованы құттықтай отырып, болашақта да толағай табыстар тілейміз.

 

  alt=  





Кері оралу