қазақша · русский · english
 
 
 
30.04.2025

Өндірістік тәжірибе бойынша 4 курс студенттерінің қорытынды конференциясы


2025 жылдың 28 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультеті физика кафедрасының ұйымдастыруымен «6В05302-Физика» білім беру бағдарламасы 4 курс студенттерінің өндірістік тәжірибе бойынша қорытынды конференциясы өтті.

 

«6В05302-Физика» білім беру бағдарламасының паспортына сәйкес, жаратылыстану бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады: ғылыми-зерттеу; ұйымдастырушылық-басқарушылық; конструкторлық-технологиялық; жобалық.

 

Осыған сәйкес, өндірістік тәжірибе Алматы қаласында келесі мекемелерде өтті: Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрылымдық бөлімшелерінде (Мансап орталығы, кадр бөлімі, оқу бөлімі және физика кафедрасы).

 

Ядролық физика институтына жіберілген студенттер циклотрон мен ғарыштық сәулелерді тіркеу детекторларынан алынған деректер жиынын өңдеу бойынша зертханаларда жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

 

Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында тәжірибеден өткен студенттер халықаралық және мемлекеттік стандарттарды зерттеп, азық-түлікке және азық-түлік емес материалдарға арналған сертификаттау мен әртүрлі құралдарды тексерудің негізгі қағидаларымен танысты.

 

Жобалық қызмет түрлерін академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында тәжірибеден өткен студенттер орындады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрылымдық бөлімшелерінде (Мансап орталығы, кадр бөлімі, оқу бөлімі және физика кафедрасы) тәжірибеден өткен студенттер ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер атқарды.

 

Қорытынды конференцияға физика кафедрасының меңгерушісі Косов В.Н., профессор Бисембаев К., PhD Насирова Д.М., жетекшілер: Султанова К.Ж., Жексенбаева Г.А., Теміржанова А., Әбіл О. қатысты.

 

Өндірістік тәжірибе барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын нығайтты.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  





Кері оралу