қазақша · русский · english
 
 
 
18.03.2019

«Талантты оқушылардың ХV слеті»

 

16 наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясының шағын орталығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Жарқын болашаққа бастау» бағдарламасы аясында жиын өткізілді.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде өткізілген бұл жиынның мақсаты оқушыларды зерттеу жұмысына баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды. Ол алты секция бойынша жүргізілді. Біз физика - математикалық бағыт бойынша жүргізілген жиында комиссия 20-ға жуық ғылыми жобаларды сараптап, үздік жұмыстарды іріктеді. Физика, математикадан өз беттерімен ізденіс жүргізген оқушылар «Қарасай ауданы білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Кафедраның аға оқытушысы Камал Раманкулов мектептердің шақыруы бойынша студенттерге ғылыми жобалар мен зерттеулер бойынша тренингтер өткізді, сондай-ақ өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті.

 

   




Кері оралу