қазақша · русский · english
   
Анатомия,физиология,гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы
 Балғымбеков Шамшидин Абдуллаұлы
Профессор
Медицина ғылымдарының докторы
«Спартак» стадионы
 8-777-280-85-85
balgimbekov@inbox.ru

 

«Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы 1968 жылы Абай атындағы ҚазПИ - да «Адам және жануарлар физиологиясы» атауымен алғаш құрылған болатын.


Кафедраның құрылуында бірқатар кафедра меңгерушілерінің ұйымдастырушылық қабілеттіліктері үлкен рөл атқарды: доцент Бахтиозин Б.Х., Алиакбарова З.М., профессор Толенбекова И.М., Демеуова Д.Ж., Рымжанова К.С., Канаева А.Т. Аталған кафедра меңгерушілерінің басшылығының арқасында жоғары мектептің талаптарына жауапты жоғары білікті ұжым қалыптасты.


Бүгінгі күні кафедра құрамы 19 адамды құрайды, оның ішінде доктор, профессор - 2, кандидат, профессор - 4, кандидат, доцент - 3, кандидат, аға оқытушы - 3, магистр - 6, аға лаборант - 1.
Кафедра меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Ш.А.Балғынбеков


«Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы келесідей мамандықтарды дайындауды жүзеге асыруда:
бакалавриат 5В011300, 5В060700 «Биология»
магистратура 6М011300, 6М060700 «Биология»
докторантура 6Д060700 «Биология»


Университеттегі педагогикалық мамандықтардағы бағыттар бойынша «Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы», «Оқушылардың даму физиологиясы» пәндері оқытылса, университеттің барлық институттарында «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні жүргізіледі.


Кафедра дәрістік, зертханалық және семинар сабақтарын жүргізуге қажетті оқу құрал - жабдықтарымен, оқу аудиторияларымен қамтамасыз етілген. Кафедрадағы оқу аудиториялары байланыс жүйесіне қосылған (телефон, «Комфорт» жергілікті желі), Интернет желісі мен университеттің білім беру порталынтәулік бойы қолдануға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, кафедрада түрлі ғылыми - зерттеу жұмыстарын жасауға да мол мүмкіндікшіліктер жасалған.


Оқу жылының басында арнайы оқу аудиторияларын жаңарту үшін түрлі көрнекіліктерге, дидактикалық материалдарға, аппаратураға және макеттерге сұраныс берілді.