қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Балғымбеков Шамшидин Абдуллаұлы

Балғымбеков Шамшидин Абдуллаұлы

 

Тегі, аты-жөні

Балғынбеков Шамшидин Абдуллаұлы

Туған жылы

16 қыркүйек 1959 жыл

Білімі

1.Алматы мемлекеттік медицина институты, 1976-1982жж. мамандығы - «педиатрия», біліктілігі - «балалар дәрігері»

2. Алматы мемлекеттік медицина институты, 1984-1986жж., педиатрия мамандығы бойынша клиникалық ординатура.

3. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті, медицина факультеті, докторантура (ҚР ҰҒА Тағамтану Институты), 1994-1996жж.

Ғылыми дәрежесі және атағы

1.Медицина ғылымдарының кандидаты (КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ЖАК, Мәскеу, 3 тамыз1988 ж., МД №031438);

2. Доцент, «медицина» мамандығы бойынша (ҚР Министрлер кабинеті жанындағы ЖАК, 15 маусым 1994 ж., ДЦ №0001043);

3. Медицина ғылымдарының докторы (ҚР Министрлер кабинеті жанындағы ЖАК, 20 наурыз 1998ж. ҒД №0000996,);

4.Профессор, «медицина» мамандығы бойынша (ҚР ЖАК Президиумы, 22 желтоқсан 2000ж., ПР №0002140).

ЖОО бітірген соң қызмет істеген жұмыс орны және лауазымы

1982-1986жж. Алматы мемлекеттік медицина институты,  стажер-зерттеуші, клиникалық ординатор,

1986-1988жж. Алматы қалалық №5 балалар жұқпалы ауруханасы, дәрігер-ординатор, бөлімше меңгерушісі.

1988-1989жж. Алматы мемлекеттік медицина институты, госпиталды педиатрия кафедрасының ассистенті.

1989-1991жж. КСРО МҒА Аймақтық тағамтану проблемалары Ғылыми Орталығы, аға ғылыми қызметкер.

1991-1996жж. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті, медицина факультеті, қалыпты физиология курсының меңгерушісі, докторант;

1997-2001жж. ОҚММА, кафедра меңгерушісі, педиатрия факультетінің деканы, ҚР ДСМ СӨСҚП Ұлттық Орталығының Оңтүстік Қазақстан аймақтық филиалы директорының орынбасары,.

2001-2002жж.«Тағамтану проблемалары» ЖАҚ, бас ғылыми қызметкер.

2002-2004жж. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, тағамтану кафедрасының меңгерушісі.

2004-2005жж. «Medinterlink» ЖШС, медициналық директор.

2005-2007жж. Профилактикалық медицина академиясы, атқарушы директор.

2007-2009жж.ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту Институты, бас ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушусу, директор орынбасары.

2009ж. бастап - Абай атындағы ҚазҰПУ анатомия, физиология, зоология және ТҚ кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми бағыты

Физиология, Нутрициология, Жас физиологиясы, Мектеп гигиенасы,  Оқушылар денсаулығын қорғау, Саламатты өмір сүру салты  

Жарияланымдар

Жарияланған ғылыми еібектері - 202, оның ішінде ағылшын тілінде - 15, кітап, оқулық, монография - 5, өнертапқыштық предпатенттер - 5.

Ғылыми жобаларға қатысуы

ЮНИСЕФ ғылыми жобасы: «Қазақстандағы сәбилер мен аналар тамақтануының жағдайы», со-директор.

2. ЮСАИД және МакроИнтернешнл.Инк компаниясы (АҚШ) қолдауымен жүргізілген ғылыми жоба: «Қазақстанда медициналық және демографиялық зерттеу», аймақтық координатор.

3. ПРООН ұйымының қолдауымен жүргізілген ғылыми жоба: «Қазақстан халқының тамақтануын жалпыұлттық зерттеу», жауапты орындаушы.

4. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің «Ауылдық денсаулық сақтау саласында телемедицинаны дамыту» ЮНИСЕФ ғылыми жобасы: «Қазақстандағы сәбилер мен аналар тамақтануының проблемалары», со-директор.

2. ЮСАИД және МакроИнтернешнл.Инк компаниясы (АҚШ) қолдауымен жүргізілген ғылыми жоба: «Қазақстанда медициналық және демографиялық зерттеу», аймақтық координатор.

3. ПРООН ұйымының қолдауымен жүргізілген ғылыми жоба: «Қазақстан халқының тамақтануын жалпыұлттық зерттеу», жауапты орындаушы.

4. ҚР ДСМ «Ауылдық денсаулық сақтау саласында телемедицинаны дамыту» жобасы.

5. ҚР ДСМ «Медициналық жәрдем сапасын басқару жүйесін жетілдіру» жобасы.

6. ҚР БжҒМ «Қазақстанда артық дене салмағы мен семіздік эпидемиясының кешенді алдын алу» жобасы

7. ҚР ӘДжДСМ ««Саламатты Казахстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықта саламатты және қауіпсіз тамақтану дағдыларын қалыптастыру»

Кафедрада қашаннан бері жұмыс істейді

2009ж. бастап Абай атындағы ҚазҰПУ анатомия, физиология, зоология және ТҚ кафедрасының меңгерушісі.

Қоғамдық жұмысы

Жаратылыстану және география Институты Кеңесінің мүшесі;

Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы журналының (мектепке дейінгі тәрбиелеу және дене мәдениеті) редакциялық кеңес мүшесі.

Новосибирь Мемлекеттік педагогикалық университетінің Хабаршысы электрондық журналының редакциялық кеңес мүшесі

Байланысу мәліметтері

8 747 280 80 85;  balgimbekov@inbox.ru

 

 

 


← Кері оралу