Басқарма төрағасы-ректор |
26.11.2024
Алматыда Бреттон-Вудс қорының кітапханасы ашылды
Аталған қор кітапханаға 2500-ге жуық таңдаулы кітап, қолжазбалары мен мұрағат материалдарын сыйға тартты.
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әлемге әйгілі Бреттон-Вудс қорының кітапханасы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы һәкім Абайдың есімі берілді. Аталған қор кітапханаға 2500-ге жуық таңдаулы кітаптарын, қолжазбалары мен мұрағат материалдарын сыйға тартты. Сыйланған құнды жәдігерлер арасында Нобель сыйлығын иеленген айрықша еңбектер де бар. "Кітапхананы заманауи ғылыми әдебиетпен қамтамасыз етіп отырған - Бреттон-Вудс қоры. Бұл жерге соңғы жылдары шыққан әлемдік сарапшылар, Нобель лауреаттарының кітаптары, экономика, халықаралық қатынас және тағыда басқа да салалар бойынша ең құнды деген әдебиет әкелініп отыр", - деді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тлепов.
"Абай университетіне Бреттон-Вудс қорының кітаптар жиынтығын тапсырдық. Мұның біразын 20 жыл бойы өзім жинағанмын. Бұл кітаптардың қатарында жаһандық экономика, әлемдік саясат, дүниежүзінің саяси құрылымы жайында бірқатар еңбектер бар. Менің ойымша бұл - болашақ білімгерлер мен студент, докторанттарға жасалған зор мүмкіндік", - деді Reinventing Bretton Woods Foundation қорының директоры Марк Юзан.
28.11.2024 Ақпарат көзі: almaty.tv Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|