қазақша · русский · english
 
 
 
03.02.2025

Инклюзивті білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізіледі

 

                

 

 

Инклюзивті білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізіледі. Ол үшін халықаралық тәжірибе қолданылады. Бүгін Алматыда инклюзивті білім берудегі жасанды интеллект орталығы ашылды. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанынан жұмыс істейді. Салтанатты жиынға Гонконг білім академиясының өкілдері арнайы қатысты. Алдағы уақытта орталық отандық білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізуге ықпал етуге тиіс.

 

03.02.2025

Ақпарат көзі: JIBEK JOLY NEWS




Кері оралу