қазақша · русский · english
 
 
 

 

2020/2021 оқу жылында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқитын тыңдаушылардың тізімін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту үшін кешенді тестілеу нәтижелерін қарастыру бойынша Комиссия шешімі негізінде (2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 3 хаттама) мемлекеттік білім гранты бойынша ҚР Білім және Ғылым Министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 417 бұйрығымен «Биология және тілдік дайындық», «Физика және тілдік дайындық», «Химия және тілдік дайындық» бағыттарына Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің ЖОО дейінгі дайындық бөліміне 2020-2021 оқу жылына 103 тыңдаушы оқуға қабылданды.

 

Дайындық бөлімі тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты есебінен оқудың төлемақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады. Дайындық бөлімдерінде оқу оқытудың күндізгі нысаны бойынша жүргізіледі. Оқыту мерзімі 9 ай. Сабақ қазан айынан басталады.

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №554 бұйрығымен бекітілген «ҚР ЖОО дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру» қағидасының 26-тармағында көрсетілгендей, дайындық бөлімінде оқу процесін ұйымдастыру, оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес кредиттік оқыту технологиялары бойынша жүзеге асырылады.

 

Тыңдаушылардың білім деңгейін бағалау білім беру саласында бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне» сәйкес жүргізіледі.

 

Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері тындаушыларының тілдік дайындық деңгейін арттыру бойынша оқытудың үлгілік жоспарына сәйкес белгіленген пәндер сағатына сәйкес сабақ кестесі жасалады. Бұл пәндердің Типтік оқу бағдарламасы орта білім беру оқу бағдарламасының пәндері бойынша ҚР МЕМ СТ.1.4.002-2016 жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген және ҚР БҒМ 2016 жылғы 30 маусымдағы №2 хаттамасымен Республикалық оқу - әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілген.

 

Типтік оқу бағдарламасына сәйкес әрбір оқу пәндері бойынша силлабусс және оқу-әдістемелік кешендер жасалады. Тыңдаушылардың барлықтарына оқу пәндері бойынша силлабустар беріледі.

 

Үлгілік оқу жоспары

2599