қазақша · русский · english
   
 Сезімхан Шұғайып
Оразалы Досбосынов атындағы жас ақын-импровизаторлар мектебі секторының координаторы

Қазыбек би көшесі, 30
 8-775-776-38-02
wuha_0423@mail.ru

 

2019 жылдың 19-ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор Такир Балықбаевтың қолдауымен «Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар орталығы» ашылды. Ашылу салтанатына айтыстың қаранары, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайреткері, ақын Жүрсін Ерман, Мемлекет және қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, драматург Нұрлан Оразалин бастаған белгілі ақындар қатысты.

 

Орталықтың мақсаты университетіміздің түлегі, жасындай жарық етіп, отызға жетпей өмірден озған, қазақ айтыс өнерінде өшпес ізі қалған айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың мұрасын насихаттап, университеттегі жас ақындар шығармашылығының шыңдалуына мүмкіндіктер жасау. Орталықта дарынды айтыскер ақындар мен жас әдебиетшілерден, жазба ақындардан құралған «Жас қалам» ұйымы бас қосып, танымал ақындармен, мәдениет қайраткерлерімен шеберлік сыныптар өткізеді. Еліміздің әр өңірінде өткен айтыстар мен мүшайраларға жас таланттардың қатысуына мүмкіндік туғызып, студенттер айтысын, жыр мүшайраларын және кездесулер ұйымдастырады.

 

Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығының жоспары 2020/2021 оқу жылы


Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығының атқарған жұмыстар Есебі


Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығы директорының Қызметтік Нұсқауы

 

Оразалы Досбосынов атындағы жас айтыс ақындар орталығы туралы Ереже