қазақша · русский · english
 
 
 
 Жанкушков Бауыржан Оразаевич
«Маркетинг» бөлім жетекшісі
Педагогика ғылымдар магистірі, аға оқытушы
Төле би көшесі, 31
 8-778-353-75-83
Zhannur_bauyrzhan_2012@mail.ru

 

Бөлімнің мақсаты: кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, білім беру мекемелері мен қоғам арасындағы тиімді қарым-қатынас орнату, маркетинг саясатын жүргізу мен институтың еңбек нарығында және білім беру қызметтерінде оң имидж қалыптастыру.


Бөлімнің негізгі міндеті: жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқытуға сәйкес институт деңгейінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру.


Бөлімнің функциялары:
- Бакалавриат, Магистратура және PhD докторантураға оқуға түсушілерді тарту;
- әрбір оқу жылында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша студенттер контингентінің өсу деңгейін талдау;
- жарнамалық, ақпараттық және түсіндірме материалдарды дайындау, жариялау және тарату (бұқаралық іс-шаралар, Медиа және педагогикалық практика, кездесулер және т.б. кезінде)
- оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау үшін арнайы орындар (кабинеттер) дайындау, жарнама материалдарын тарату, хабарландыру, түсіндіру жұмыстары;
- нарықта педагогика және психология институтының білім беру бағдарламаларының өзектілігі әлеуетін зерттеу;
- әлеуетті сатып алушыларды білім беру өнімдері мен қызметтері туралы хабардар ету үшін көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру және оларға қатысу.

1247