қазақша · русский · english
 
 
 

 

Оқытушылық шеберлік орталығы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің құрылымдық бөлімшесі.

 

Негізгі мақсаты - білім берудегі қазіргі әлемдік тенденцияларды көрсететін Қазақстан Республикасы педагогтерінің оқытушылық шеберлігін арттырудың жаңа трендін дайындау.

 

Университеттің стратегиялық даму жоспарымен белгіленген міндеттер:

1. Университеттің профессор-оқытушылар құрамының, педагогтердің, Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары оқытушыларының, орта және мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу арқылы Abai Learning & Development сертификаттау орталығын құру;
2. Мұғалімдер мен колледж оқытушылары үшін цифрлық оқыту контентін, онлайн және цифрлық педагогиканы құру;
3. Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін педагогикалық қайта даярлау бойынша қосымша білім берудің сертификаттау курстарын құру (салалық біліктілік шеңберінің 4 және 5 деңгейлері);
4. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін Қысқы және Жазғы мектептер өткізу;
5. Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланып, жеделдетілген білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және қолдау:
5.1. PGCE-жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық емес білімі бар тұлғаларға бастауыш мектепте, сондай-ақ орта мектептің пән мұғалімі болып (педагогикалық мамандыққа «жанама кіру») жұмыс істеуге;
5.2. Master`s of Education Entrepreneurship - студенттердің кәсіпкерлік ойлауын дамытуға баса назар аударатын мамандарды дайындауға арналған (capstone - кеңейтілген бизнес-жоспар);
5.3. Master`s of Education Administration (MEA) - балабақша, мектеп, колледж және жоғарғы оқу орынының қазіргі және болашақ басшыларын дайындау үшін өндірістен қол үзбей білім берудегі білім берудегі менеджмент бойынша бейіндік магистратура.

 

Оқытушылық шеберлік орталығының байланыс ақпараттары:

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы. Абая даңғылы, 56 «б». Кеңсе 306.

Қабылдау бөлімінің жұмыс телефоны: +7 727 392-22-22

Сайт: https://dis.kaznpu.kz/

Электронды пошта: cpm.info@abaiuniversity.edu.kz