Ғылыми-инновациялық парк (ҒИП) 2016 жылы құрылған. ҒИП Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Парк университеттің ғылыми - инновациялық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану үшін жұмыс істейді.
Ғылыми-инновациялық парк - ресурстар мен идеяларды жинақтайтын, оларды инновациялық жобалар түрінде іске асыруға жағдай жасайтын алаң.
ҒИП функционалдық қызметі:
- ғылыми-инновациялық жобаларды әзірлеу үшін жағдай жасау; - ғылыми - зерттеу жобаларын орындау; - коммерциялизациялауға әлеуеті жоғары инновациялық жобаларды анықтау және іріктеу; - инновациялық жобаларды іске асыруда ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеу; - жарнамалық қызметті жүзеге асыру, ҒИП қызметінің бағыттары бойынша өнімді коммерцияландыруға және патенттеуге сүйемелдеу; - ҒИП қызметі бойынша семинарлар мен конференциялар өткізу.
Байланыс деректері: 050010, ҚР Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30 тел:. +7 727 2916646
+7 775 385 80 05
Жұмыс уақыты 9.00 - 18.00 жұмыс күндері
|