«Латын» ғылыми-практикалық орталығы Университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды. 2022 жылы ол Абай атындағы ҚазҰПУ ғылым бөлімінің «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркіндегі ғылыми-практикалық зертханасы болып өзгертілді. «Латын» зертханасының негізгі міндеттері:
- оқытудың әдістемелік негіздерін әзірлеу; - Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі мен емлесін меңгерудің инновациялық нысандары мен әдістерін ұйымдастыру және сынақтан өткізу; - әліпбиді оқытудың тиімді, жан-жақты, жүйелі әдістемесін жасау; - эксперименттер жүргізу, тарату, талқылау, нәтижелерді анықтау.
|