Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті |
23.12.2024
Спорттық ғылымдағы өзара ынтымақтастық
2024 жылдың 18-21 желтоқсанында Сербияның Нови-Сад қаласының осы аттас университеті Спорт және дене тәрбиесі факультетінің деканы самбо күресінен Еуропа федерациясының вице-президенті, PhD, профессор Патрик Дрид және ассистенті, докторант Марко Манойловичпен бірге Абай атындағы ҚазҰПУ Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің ұжымына «Methodological aspects of systematic review and meta-analysis in sports science and medicine» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрісте заманауи спорттық ғылымның орны, маңызы, өзекті мәселелері мен олардың тығырықтан шығу жолдары айтылды. Өз кезегінде факультеттің профессор оқытушылар құрамы спорттық ғылымның алдыңғы қатарлы еңбектерімен танысу, оларды ауқымды ғылыми жарияланымдарда пайдалана алу әдістері, заманауи спорттық дайындық ерекшеліктері және өздерін толғандырып жүрген басқа да маңызды сұрақтарын қойып, тыңғылықты жауаптарын алды. Әлемдік спорттық ғылымда өзіндік орны бар ғалымның оқу орнымызға келіп, қазіргі кезде әлемде болып жатқан спорттық ғылымдағы жаңалықтармен, әдіснамасымен, ерекшеліктері, спорттық жаттықтырудағы инновациялық технология, білім беру үрдістерімен және медициналық-биологиялық жаңа ақпараттармен бөліскені - факультеттің ғылыми әлеуетін жоғарылатқан үлкен жетістік болды деп есептеуге болады.
Профессор Патрик Дридтің оқу орнымызға келіп, дәріс оқуына себепкер болған бастамашы факультетіміздің п.ғ.к., профессоры Сейсенбеков Е.К.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|