қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2025

3 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі бойынша қорытынды конференция

 

2025 жылдың 18 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ бастапқы әскери дайындық кафедрасында «Бастапқы әскери дайындық-дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша 3 курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті.


Үшінші курс студенттері қатысушыларға мамандықтағы алғашқы жетістіктерін айтып, басынан өткерген қиындықтары мен қызықтарымен бөлісті. Олар сондай-ақ мектеп тәлімгерлеріне, университеттегі тәжірибе жетекшілеріне, мұғалімдер мен психологтарға алғыстарын білдірді. Аудиторияда айтылған маңызды қорытынды - мамандықты дұрыс таңдауға деген сенім.


Конференцияға тәжірибе жетекшілері Мектепбергенов Н.Е.., Ислямов Б.Б, Сауытбеков М.Е., Талапов Т.Т. және басқа да мұғалімдер қатысып, негізгі мектептердің жұмысына жоғары баға берді. Осы жылдар ішінде кафедрамен бірлесе жұмыс істеген оқытушылар мен психологтар Ахметова Г.Б., Назанова С.А., Сеитова А.Л 3-курс студенттерінің теориялық дайындығы жоғары екенін атап өтті.


Үшінші курс студенттеріне алдағы уақытта өз мамандықтарын игеруде табыс тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу