қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2025

Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің студенттері Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ музейіне барды


2025 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Дене шынықтыру және АӘД факультетінің 2 курс студенттері Ғылым декадасына орай Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ музейіне барды. Іс-шараны факультет оқытушылары Көкебаева Рыскүл мен Лаура Орынбаева ұйымдастырды.

 

Экскурсияның негізгі мақсаты - студенттердің ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттыру, музей материалдарын пайдалану арқылы ғылыми зерттеулер жүргізуге ынталандыру. Музей экспозициясымен танысу барысында студенттер Қазақстанның спорт тарихы мен олимпиадалық жетістіктері туралы мол мағлұмат алды.

 

Музейдегі әсерлерімен бөліскен студенттер алған білімдерін талқылап, жаңа көзқарастар қалыптастыруға мүмкіндік алды. Мұндай мәдени-танымдық шаралар студенттердің мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, ғылыми зерттеулерге ынта білдіруде маңызды рөл атқарады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу