қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2025

Йокогама Тоин (Жапония) университетінің профессоры біліктілікті арттыру курсын өткізді


2025 жылғы 26 наурыз - 5 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Йокогама Тоин (Жапония) университетінің профессоры, PhD доктор Томонобу Сакурай Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің профессор-оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді.

 

Дене шынықтыру мен спорттағы бұлшықет қызметінің физиологиялық сипаттамасы тақырыбындағы курс аясында қатысушыларға бұлшықет физиологиясына қатысты заманауи ғылыми тәсілдер мен тәжірибелік әдістемелер ұсынылды. Оқыту бағдарламасы теориялық білім беруді, ғылыми-практикалық талдауды және практикалық жаттығуларды қамтыды.

 

Курс барысында профессор-оқытушылар бұлшықет қызметінің ғылыми негіздерімен танысып, дене шынықтыру мен спорттағы физиологиялық үрдістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, қатысушылар халықаралық тәжірибе алмасу арқылы өз кәсіби құзыреттерін жетілдірді.

 

Аталған курс Абай университеті мен Йокогама Тоин университеті арасындағы ғылыми-академиялық әріптестікті нығайтудың нақты көрінісі және оқытушылардың кәсіби дамуына бағытталған маңызды қадам.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу