қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2025

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан қалалық турнир


2025 жылдың 18 сәуірінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына және Абай атындағы ҚазҰПУ тоғызқұмалақ бойынша «Абай» клубының ашылуына арналған тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті.

 

Жарысқа барлығы 100 ден астам ойыншы - Алматы қаласының 11 жоғары оқу орны, қонақтар - Түркістан қаласы, Яссауи атындағы ХҚТУ мен СДУ командасы қатысты. 

 

Жарыс қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ құрамасы чемпион атанып, әртүрлі марапаттарға ие болды. 

 

1 орын - Аяна Исахан, Абай атындағы ҚазҰПУ, Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті.

1 орын - Ельдар Дакен. Абай атындағы ҚазҰПУ, Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті.

2 орын - Ақерке Тұрсынәлі. Абай атындағы ҚазҰПУ, Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті.

3 орын - Ердаулет Жанабилов. Абай атындағы ҚазҰПУ, Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті.

3 орын - Ерасыл Пернебаев. Абай атындағы ҚазҰПУ, Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті.

 

Жаттықтырушы: Иралина М. М.

 

Чемпиондарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!

 

  alt=  




Кері оралу